Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Жетісу облысында жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласының шыға берісінде Audi A8 автокөлігінің қатысуымен болды. Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан ірі қарамен соқтығысқан.
Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.