Полиция қызметінде еңбек етіп жүрген Төрежанның артында жары мен үш баласы қалған.
Қарағанды қаласының 40 жастағы тұрғыны болған Төрежан Макашев ота жасату үшін мемлекеттік портал арқылы ауруханаға жатқан. Марқұмның туыстарының айтуынша Төрежанда ЦЕФ - 3 екпесіне және новокаинге аллергиясы болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Аллергиясы бар науқасқа екпе салған дәрігерлердің қызметінен қателік кетіп, медбике аталмыш екпені салып жіберген. Төрежан Макашев сол мезетте дем ала алмай қайтыс болған.
Полиция қызметінде еңбек етіп жүрген Төрежанның артында жары мен үш баласы қалған.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жұмысына салғырт қараған медбике жұмыстан босатылған. Науқастың қайтыс болуына байланысты ауруханада жан - жақты тексеру жүргізіліп жатыр.