Қайғылы оқиға Өскемен-Риддер тасжолының 34-шақырымында болған.
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданы аумағында жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
YK-news жазуынша, қайғылы оқиға Өскемен-Риддер тасжолының 34-шақырымында болған.
Жеңіл көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - делінген хабарламада.
Оқиғаға байланысты ШҚО полиция департаментінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен «Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.