$ 443.44  480.51  4.88

Павлодар облысында тас жолда көлік өртеніп кетті

Өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Павлодар облысында Екібастұз қаласы маңындағы Құлакөл ауылының маңында көлік отқа оранды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Pavlodarnews.kz мәліметінше, көлік түгі қалмай өртеніп кеткен. 

Өрттің ауданы 8 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын 38 минуттан кейін толықтай сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деді Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, Қарағандыда көлік жөндеу орталығында да жеңіл көліктің өртенгені хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары