Өртті тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Алматыда 30 қараша күні болған хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты. Жертөледе орналасқан ғимараттты жатақханаға айналдыруға тыйым салынған, қауіпсіздік ережесі бұзылған. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Сырым Шәріпханов мәлім етті.
Төтенше жағдайлар министрі өрт орнын аралап көрді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Жертөледе тұрмыстық заттар, матрацтар, есіктің кіреберісі өртенген.
Өртті сөндіру барысында 13 адамның денесі табылды. Қаза болғандардың барлығының жеке басы анықталды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының 9 азаматы, Ресейдің 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы болған. Қайтыс болғандардың барлығы 15 пен 39 жас аралығындағы ер адамдар.
«Кәсіпкер жертөлені мақсатынсыз жатақханаға айналдыруға тыйым салатын ережені бұзған. Мемлекеттік органдар жатақхана ұйымдастыруға рұқсат бермеген», - деді Сырым Шәріпханов.
Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрі жатақханада өрт болған жағдайда іске қосылатын автоматты өрт дабылы орнатылғанын атап өтті. Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне сәйкес объект төмен тәуекел дәрежесіне жатқызылады. Осыған байланысты аталған нысанда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жүргізілмеген.
Өрттің шығу себептері мен адам шығынын анықтау үшін қажетті сараптамалар тағайындалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жұмылдырылды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиғаға кінәлілер жауапқа тартылады.
Өрттің шығу себептері мен қаза болғандарды анықтау бойынша Үкімет комиссиясының жұмысы жалғасуда.
Қайғылы жағдай Алматы қаласында 30 қарашада күні болды. Барлау және өртті сөндіру барысында бұрын 13 зардап шеккен адам анықталды, олардың жеке басы анықталуда. Бастапқыда жатақханада 72 адам болса, 59 адам эвакуацияланды. Өртті сөндіруге Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.
Өртті тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.
Оқиға орнына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев барды. Әкімдік өрттен зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін барлық шараларды қабылдауда.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Белгілі болғандай, өрт шыққан жатақхана заңсыз жұмыс істеген. Ол санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс және өрт қауіпсіздігі талаптарын бұза отырып, ғимаратқа орналастырылды, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Алматы әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыруға және марқұмдардың мәйітін тасымалдауға көмектесетін болады.
Тоқаев Алматыдағы жатақханада қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов та көңіл айтты.
Өрт кезінде қаза болған адамдардың оқиғасын тергеуді Бас прокуратура өз бақылауына алды.
Алматыда жатақханадағы өрттен зардап шеккендерге жан-жақты медициналық көмек көрсетілуде.
Алматыдағы жатақханадағы өрттен қаза тапқан қазақстандық азаматтардың отбасыларына 1 миллион теңге беріледі - бұл бұйрықты қала басшысы Ерболат Досаев берді.
Зардап шеккендердің қашып кетуге мүмкіндігі аз болды, дейді оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.