$ 444.14  477.05  4.85

«Саған тосын сыйым бар». Әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқан қыздың өміріне қауіп төнді

Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Шымкентте әлеуметтік желіде жігітпен танысқан қыздың өміріне қауіп төнді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.


Қала тұрғыны бірнеше күн бұрын интернетте танысқан жас жігіт оған тосын сый уәде етіп, көзін байлап, пәтерге алдап кіргізгенін айтты. Содан кейін қыздың қолын байлап, ас үй пышағымен қорқытып, оны онлайн шағын несиеге өтініш беруге мәжбүрлеген.

Қаскүнем ақшаны дереу есепшотына аудартып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жігіт бірнеше сағаттың ішінде қаладағы Арбатта ұсталды. Ол жақында ғана мегаполиске ақша табу мақсатында келген Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары