2001 жылы туған азамат жарақат алып, орталық облыстық ауруханаға жатқызылған.
СҚО-дағы Смирново ауылылында екі қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде газ баллоны жарылып, жасөспірім көз жұмды. Тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ТЖД-ның Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Оқиға салдарынан 2011 жылы туған қыз бала қаза тапты. 2001 жылы туған азамат жарақат алып, орталық облыстық ауруханаға жатқызылған.
8 желтоқсан күні сағат 14.50-де Смирново облыс орталығының өрт сөндіру бөліміне Титова көшесіндегі екі қабатты, үш кіреберісті тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасының жарылғаны туралы ақпарат келіп түсті. 60 шаршы метр аумақ өртеніп, терезелері сынған, ғимаратқа зақым келген, – делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Құтқарушылар жарылыс болған үйден тоғыз адамды эвакуациялады. Төтенше жағдай орнына облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың өкілдері шықты.
Сағат 17.03-те өрт сөндірілді. Өртті жоюға төрт бірлік техника мен жеке құрамның 15 қызметкері, полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды. Жарылыстың себептері мен шығыны анықталуда, – делінген хабарламада.