12.12.2023, 21:30

Ақмола облысындағы ауылда бір үй екі рет өртенді

Фото: Ақмола облысының Төтенше жағдайлар басқармасы

Қазіргі уақытта өрт локализацияланған. 

Ақмола облысы Шортанды ауданының Бозайғыр ауылында бір үй екі рет өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, кеше түнгі сағат 23:51-де Шортанды ауданы Бозайғыр ауылындағы екі қабатты, сегіз пәтерлі тұрғын үйдің №6 пәтерінде өрт шықты.

Өрт сағат 00:30-да оқшауланып, сағат 01:30-да жойылды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бүгін таңертең сағат 08:35-те сол үйдің №7 пәтерінде өрт шықты. Қазіргі уақытта өрт локализацияланған. Өрт орнында Ақмола облысы ТЖД жеке құрамның 11 адамы және 2 бірлік техникасы, Астана қаласы ТЖД 8 адам және 3 бірлік техника жұмыс істеуде. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда. Өрт орнында Ақмола облысы ТЖ Департаментінің өрт зертханасы мен анықтаушылары бар жедел топ зерттеу жүргізуде, – делінген ТЖД хабарламасында

Жергілікті атқарушы органдармен тұрғындарды қоныстандыру бойынша барлық шаралар қабылданды.