Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды.
Елордалық полицейлер вандализммен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Астанада кезекті вандал қолға түсіп, жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сонымен, Достық көшесіндегі үйлердің біріндегі лифтіде тұрған белгісіз адам мониторды бұзып кеткен. Осылайша ол лифт компаниясына зиян келтірді.
Полиция 25 жастағы адамды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ол бес тәулікке қамауға алынды.
2023 жылдың басынан бері елорда полициясының қызметкерлері вандализмнің жүзден астам фактісін анықтады. Қала бойынша күнделікті екі мыңнан астам полиция қызметкері патрульдейді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қала тұрғындары «Тоқта, вандал» акциясын өткізіп жатыр.
Акция аясында қалада күндізгі және түнгі рейдтер өткізіледі, тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жүргізіледі.