$ 439.4  473.54  4.76

Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы көз жұмды

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. 

Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен
Фото: Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметінен

Павлодар облысында жол апаты болып, жолаушы мерт болды. «ВАЗ-21093» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты Екібастұз - Батыр бақылау пункті автожолының 18 шақырымында болған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Алайда, жолаушы алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деді департаментте. 

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Автокөлік айып тұрағына қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары