$ 444.14  477.05  4.85

Талдықорғанда жолаушы такси жүргізушісінің көлігін ұрлап кеткен

Kлиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Талдықорғанда бейтаныс қыз өзі отырған такси жүргізушісінің көлігін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Демалыс күндері Талдықорған полицейлеріне жәбірленуші хабарласып, Hyundai Accent көлігін іздеуге көмек сұраған. Өтініш беруші көлікті өзіне белгісіз қыз ұрлап кеткенін, өзін облыс орталығының шағын аудандарының біріне апарғанын мәлімдеді.

Белгілі болғандай, жолда келе жатып клиент жүргізушіден минералды су сатып алуды өтінген. Сосын қыз жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, көлікті айдап кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің шетелдік көлігін Алматыдағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. 

Автокөлік заңды иесіне қайтарылды. Күдікті тұлға ретінде біз 19 жастағы қызды ұстадық. Қазір іс жүзінде ҚР ҚК-нің 200-бабында (Ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену) көзделген қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамның жеке басын растайтын құжаттары болмағанын ескере отырып, ол уақытша қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Жыл басынан бері аймақта 37 автокөлік ұрлау фактісі тіркелді. Барлық көліктер табылып, иелеріне қайтарылды, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары