Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматы облысында өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
25 желтоқсанда сағат 16.56-да Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты. Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды, - делінген министрлік хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.