$ 443.44  480.51  4.88

Ірі жол апаты: Қостанайда бірден 10 көлік соқтығысып қалды

Қазіргі уақытта 1 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Коллаж: Kazinform/ Қостанай облысы ПД
Коллаж: Kazinform/ Қостанай облысы ПД

Қостанайда қолайсыз ауа райы салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ірі жол апаты Абай даңғылындағы "Астықжан" сауда үйінің жанында 26 желтоқсан күні сағат 11:10 шамасында болған. Қазіргі уақытта 1 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында Қостанай қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары