Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
2023 жылдың соңғы сағаттарында Шымкентте қайғылы оқиға болды. Жеке үйді шарпыған өрт салдарынан 51 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
OTYRAR басылымының жазуынша, 31 желтоқсан күні сағат 21:00 шамасында оқиға орнына жеткен құтқарушылар 1970 жылы туған ер адамның денесін тапқан.
Төтенше жағдайлар бригадасы тексеру жүргізгеннен кейін үйдің дәлізінде контрмарк пен қазандық пеш орнатылғанын анықтады. Пеш өз кезегінде қолдан жасалған газ оттығымен жылытылған. Белгісіз себептермен пештің жанындағы ағаш еден мен ішкі есік өртеніп кеткен.
Үй иесі әртүрлі дәрежедегі күйік алып, соның салдарынан жан тапсырған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмысын жалғастыруда. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.