$ 439.43  473.31  4.82

Қарағанды облысында 7 көлік соқтығысты

Зардап шеккендер жоқ.

 

 

Фото: Видеодағы кадрдан алынды
Фото: Видеодағы кадрдан алынды

Қарағанды облысында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Зардап шеккендер жоқ.

Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан, – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары