$ 439.43  473.31  4.82

Атырауда жарылыс болды

Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Фото: Атырау облыстық ТЖД
Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырауда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, өртке ұласқан. Өрттен 5 адамды күйік шалып, бәрі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт 2 қаңтарда болған.

Жергілікті уақытпен сағат 11:10-да Call орталығына Атырау қаласының Көкарна ауылында тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы қоңырау түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырту орнына келген кезде газ-ауа қоспасының дүмпуі болғаны анықталды. Дүмпудің салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр алаңы жанып кетті, – деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Тұрғын үйдегі өрт сағат 12:03-те оқшауланды. Сағат 12:22-де жалын толық сөндірілді.

Өрт салдарынан 5 адамды күйік шалды. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, – деді департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер мен 3 техника тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары