$ 441.66  475.14  4.86

Атырауда жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

Үш жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

 

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ATPress.kz сайтына сілтеме жасап.

2 қаңтар күні сағат 8:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 426-шақырымы тұсында Toyota Alfhard автокөлігінің 1993 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай аударылған. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, үш жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Айта кетейік, автокөлік жүргізушісіне оқиға болар уақытқа дейін патрульдік полиция қызметкерлері Қызылқоға ауданы Миялы және Сағыз ауылдары тұсында орналасқан бекеттерде екі мәрте ескерту берілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары