$ 494.87  520.65  4.91

Атыраудағы жарылыс: Күйік шалған ер адам қайтыс болды

Қалған науқастардың жағдайы әлі де ауыр деңгейде қалып отыр.

Фото: NewTimes.kz
Фото: NewTimes.kz

2 қаңтар күні Атырау қаласы Көкарна ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты.  Тұрғын үйде газ жарылып, күйік шалған 5 адам ауруханаға түскен еді. Бүгін зардап шеккендердің біреуі жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқи отырыңыз: Атырауда жарылыс болды

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2 қаңтарда өрттен зардап шеккен 5 адам ауруханаға жеткізілген.

«Оның ішінде үш ересек адам облыстық, ал екі жасөспірім балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түсті. Бәрінің жағдайы ауыр деп бағаланды. Бүгін, 3 қаңтарда 1965 жылы туған ер адам ауруханада қайтыс болды. Қалған науқастардың жағдайы әлі де ауыр деңгейде қалып отыр. Науқастар ауруханалардың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқастардың жағдайын бақылауға алып, барлық ем-дом шарасы жүргізіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары