03.01.2024, 17:40

Қостанайда табылған үш адамның сүйегіне қатысты іс жабылды

Фото: top-news.kz

Полиция бөлімі соған байланысты тиісті сараптамалар тағайындады.

 

Қостанайда табылған адам сүйектеріне қатысты іс қысқартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы жергілікті «Наш Костанай» басылымына сілтеме жасап.

Еске салсақ, былтыр 4 шілдеде жылу желілерін жөндеу кезінде екі адамның сүйегі табылған болатын. 5 шілдеде тағы бір қаңқа табылды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқанын хабарлаған.

Полиция бөлімі соған байланысты тиісті сараптамалар тағайындады.

Құқықбұзушылық белгілерінің болмауына байланысты іс тоқтатылды. Сараптама табылғандардың жасын анықтай алмады. Олар құбырға жылынып жүрген баспанасы жоқ адамдар болуы мүмкін, – деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.