Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қызылорда облысында автокөлік басқару жүйесіне ие бола алмаған жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 4 қаңтарда, сағат 16:00 шамасында Сырдария ауданына қарасты Шіркейлі ауылының тұсында болған. Облыс тұрғыны автокөліктің басқару жүйесіне ие бола алмай жол-көлік оқиғасын жасаған. Салдарынан 1 жолаушы қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Жолда қауіпсіздік шаралары сақтауды ескертеміз, – деді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатқанын жазғанбыз.