$ 444.14  477.05  4.85

Қызылордада 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр

Қызылорда қаласында тұратын 74 жастағы Ибрагим Райымбеков 2 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Қызылорда қаласында 74 жастағы қария екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақмешіт жастары-на сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласында тұратын 74 жастағы Ибрагим Райымбеков 2 қаңтарда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне қайта оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері бойы – 1,70 см, арық денелі, шашы ақ түсті, көзі қара түсті. Басында қара түсті қалпақ, қара көк түсті күртеше, ақшыл көк түсті шалбар, аяғында қара түсті етігі болған. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз, – деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары