06.01.2024, 01:30

Жетісу облысында көпбалалы ана суицид жасады

Фото: NewTimes.kz

Бір күннен кейін ол облыстық ауруханада көз жұмды.

Жетісу облысында көпбалалы ана өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Кейбір мәліметтерге қарағанда, төрт баланың анасы белгісіз себептерге байланысты дәрі ішіп қойған. Бір күннен кейін ол облыстық ауруханада көз жұмды.

Жетісу облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.

Өзін-өзі өлтіру дерегімен Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бойынша бірқатар қажетті сараптама тағайындалды, - деп түсіндірді полицейлер.