Салдарынан 2 жолаушы зардап шеккен.
Алматыда BMW және жедел жәрдем соқтығысып, салдарынан 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жол-көлік оқиғасы 6 қаңтарда сағат 01.10-да Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында болды, – делінген полиция хабарламасында.
Zakon.kz сайтының мәліметінше, соқтығыс салдарынан ВMW маркалы көліктің жүргізушісі мен жедел жәрдем көлігінде болған 2 жолаушы зардап шеккен.
Алатау өңірі басқармасының қызметкерлері апатты тергеуге кірісті.