07.01.2024, 20:30

Ақмола облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды

Фото: Kazpravda.kz

Үй толығымен ағаштан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады.

Ақмола облысы Бурабай ауданының Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, екі адам қайтыс болды. Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өртті сөндіруге 7 бірлік техника мен жеке құрамның 22 адамы жұмылдырылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесімен қиындады, өйткені үй толығымен ағаштан тұрғызылған және отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Дегенмен, өрт толық сөндірілді.

Өртті сөндіру кезінде 2 мәйіт табылды. Ақмола облысының ТЖД қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.