Автобус шамамен 5 метр тереңдікте жатыр.
«Майқайың» шахта шұңқырына құлаған автобустың жатқан жері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мамандар арнайы сканермен ойық түбіне түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Автобус шамамен 5 метр тереңдікте жатыр.
Геологиялық сканердің деректері ойық түбіндегі топырақта 5 метр тереңдікте металл тәріздес заттың жатқанын анықтады. Автобус сол жерде болуы мүмкін. Ойық шетіндегі топырақтар әлі сусылдап, төмен сырғып жатыр, - деп хабарлады өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті