10.01.2024, 17:00

БҚО-да 5 адам қаза тапқан жол апатынан бір жасар сәби аман қалды

Фото: mgorod.kz куәгерлер түсірген фото

Ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған.

Батыс Қазақстан облысында бес адамның өмірін қиған жол апатынан бір жасар сәби аман қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мой город» порталының жазуынша, сәби – жантүршігерлік жол апатынан аман қалған жалғыз адам.

Бүгін, яғни 10 қаңтарда облыстық денсаулық сақтау басқармасы апаттан зардап шеккен 1 жас 9 айлық баланың жағдайы туралы айтты.

Сәби Жаңақала аудандық ауруханасына жеткізілген болатын. Қазір облыстық көпсалалы балалар ауруханасына апарылады. Ол екінші дәрежелі травматикалық шок алған. Жағдайы тұрақты ауыр, еш асқыну жоқ, - деп түсіндірді басқармадағылар.