$ 494.87  520.65  4.91

Абай облысында жолаушылар автобусы аударылып қалды

Жүргізуші рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус аударылды. Екі адам зардап шекті. Кюветтен автобусты шығару бойынша шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Абай облысының Үржар ауданында Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде, қатты желдің салдарынан 31 жастағы коммерциялық жолаушылар автобусының жүргізушісі рульді басқара алмай 17 жолаушымен кюветке ұшып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауруханаға 2 адам жүгінді, - делінген IIM хабарламасында.

Автобус Қабанбай батыр ауылы - Алматы бағытымен жүрген. 

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары