$ 443.44  480.51  4.88

Ақтауда көлік жарылды (ВИДЕО)

Құтқарушылар келгенге дейін көліктегі газ балоны жарылды.

Ақтау қаласында Daewoo Nexia жеңіл көлігі жарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін таңғы сағат 09:37-де өрт туралы хабар түскен.

№29 шағын аудандандағы 22/1 үйдің маңында Daewoo Nexia автокөлігі өртене бастады. Құтқарушылар келгенге дейін көліктегі газ балоны жарылды. Жарылыстан ешкім зардап шекпеді. Өрт сағат 09:46 толық сөндірілді, – деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары