$ 494.87  520.65  4.91

Жетісуда шенеунік жазадан құтылу үшін жалған құжат жасатқан

Тағы бір жағдайда әйел адам сотқа жалған анықтама мен жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытынды берген. 

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Жетісу облысында аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің бірінің басшысы кәмелетке толмаған баласы бар екенін көрсететін жалған құжаттарды сотқа тапсырған. Соның негізінде ол қамаудан босатылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы облыс прокуратурасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Жетісу облысының прокурорлары мас күйдегі көлік жүргізушілерін ұстау кезінде әкімшілік қамауға алынбау мақсатында жалған медициналық және басқа да құжаттарды беру фактілерін анықтады.

Бұған бір мысал – кәмелетке толмаған баласының бар екендігін көрсеткен жалған құжаттарды сотқа ұсынған аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің бірінің басшысының әрекеті. Аудандық сот осы анықтама негізінде оны қамауға алудан босатқан, – делінген хабарламада.

Алайда прокуратура тексерісінен кейін мемлекеттік қызметкердің уәжін жоққа шығарды. Ол берген деректерді тексергенде, оның кәмелетке толмаған баласы мүлде жоқ болып шыққан. Тағы бір жағдайда әйел адам сотқа жалған анықтама мен жүктілігі туралы ультрадыбыстық қорытынды берген. Мұндай жалған құжаттарды пайдалану өзін ӘҚБтК 50-бабына сәйкес қамауға алу қолданылмайтын тұлғаға жатқызуына мүмкіндік берген.

Барлық анықталған факт бойынша прокуратураның қадағалау актісі негізінде сот актілері қайта қаралып, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Ал уәкілетті органдар ресми құжаттарды қолдан жасау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары