$ 440.92  475.36  4.82

Жаңаөзенде мектеп өртенді (ВИДЕО)

Өртті сөндіруге бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылған.

Бүгін, 17 қаңтар күні таңертең Жаңаөзендегі мектептердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті Lada.kz cайтының жазуынша, әлеуметтік желіде электр тоғының қысқа тұйықталуынан болған өрттің сәті түсірілген видео пайда болған.

Толық мәліметті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратты.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға бүгін, 17 қаңтарда сағат 08:15-те Жаңаөзен қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы No19 орта мектептің екінші қабатында болған.

Ток сымдарындағы қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Өрт одан әрі жанған жоқ. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге бес техника мен 25 қызметкер жұмылдырылды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт шыққан сәт видеоға түсіп қалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары