$ 524.58  551.91  4.93

Абай облысында мал іздеуге шыққан 8 жасар бала жоғалып кетті

Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Абай облысында полиция 8 жасар баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицияның хабарлауынша, 11 ақпанда Аягөз ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғындар кәмелетке толмаған 2015 жылы туған ұлы Иманғали Мерей Нұржанұлының іздеуге жәрдемдесу туралы өтінішпен жүгінген.

Туыстарының айтуынша, сағат 10.00 шамасында 8 жасар бала мал іздеп атқа мінген. Кешке бала үйде болмаған кезде, алаңдаған ата-аналар өз бетінше іздеген. Бірақ оң нәтиже бермей, полицияға жүгінген.

Баланы іздеу дереу басталды, 15 минуттың ішінде полиция бөлімінің барлық жеке құрамы көтерілді. Полицейлерден басқа іздестіруге еріктілер, жұртшылық және ауданның қамқор тұрғындары белсенді қатысуда.

Баланы іздестіру ауа-райының жағдайы қиындатады, жедел-іздестіру іс-шаралары облыстың көрші елді мекендері мен аудандарының аумағында да жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары