$ 495.2  522.34  4.94

Қарға батып өлген бір үйір жылқының иесі іздестірілуде

Оларды Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан.

Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі
Фото: Мұғалжар аудандық әкімдігі

Ақтөбе облысында аптаға созылған боран адамдарға ғана емес, төрт түлікке де ауыр тиді. Мұғалжар ауданында бір үйір жылқы қарға батып өлген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Qazaqstan.tv дерегінше, оларды Ащысай ауылдық округінің аумағынан мал іздеп шыққан тұрғындар кездейсоқ тапқан. Денелері толық қар астында қалған, тек кейбірінің басы ғана қардан шығып жатыр. Бұл малдардың жақын маңдағы Ақсу, Құмсай елді мекендеріне тиесілі еместігі анықталды. Тұрғындар мен аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алыс елді мекендердің бірінен ығып келуі мүмкін.

Қараған арасында жеті жылқы малының өлексесі табылды. Қазіргі таңда осы жеті малдың иелерін анықтау мақсатында ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері бірігіп, таңбалары арқылы иесін анықтау жұмысы жүргізілуде, - деді Мұғалжар аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бауыржан Жолмағамбет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары