$ 443.35  475.54  4.82

Теміртауда жарылыс болды

Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранған.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Теміртауда дүкенде газ жарылып, ғимарат опырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Сағат 08.06-да Теміртау қаласы, Ватутина көшесі, 2 қабатты дүкеннің мекенжайында газ жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Дүкен ғимараты опырылып, өртке оранған. Үйінді астынан әйел адам шығарылды (жағдайы нақтылануда), оның айтуынша үйінді астында ер адам бар. Үйінділерді талдау жалғасуда.

"Тексеру және барлау кезінде зардап шеккендердің орналасқан жері бұрын анықталған. Үйінділерді тазалауға кірістік. ТЖД күштері 17 л/с және 5 техника жұмылдырылған, 23 л/с ТЖ күштері мен 5 техника оқиға орнына келеді", - деп хабарлады министрлік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары