Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.
Семей қаласындағы көпір қатты аяздан жарылып, екіге бөлініп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Qaz365.kz-тің жазуынша, жергілікті тұрғындар саңылаулардың ұзындығы кей жерде 20 сантиметрге жететінін айтқан. Қазір қала әкімдігі көпірдің екіге бөлінген жерін бақылап отыр.
16 ақпанда -29 градус аязда деформациялық тігістер мен аспалы көпір тіректерінің көрінетін конструкциялары тексерілген. №1 тіректе шамамен 70 мм және деформациялық тігістердің жоталары арасындағы №10 тіректе 60 мм саңылау табылды. Көпір тіректерінің жай-күйі қанағаттанарлық деп бағаланды, нысанның құлау қаупі анықталған жоқ.
Қазір қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Осы уақытта қала көшелерінде және шеттегі тұрғын массивтерде 80-нен астам арнайы техника мен мердігерлік ұйымның 10 бригадасы жұмыс істеп жатыр.
Жолдарды қар мен мұздан тазарту, көктайғаққа қарсы іс-шаралар және қарды жаппай шығару жалғасуда.