20.02.2024, 13:00

Қостанайда өрттен бір адам қаза тапты

Фото: NewTimes.kz

Өрттің себебі анықталып жатыр.

20 ақпанда Қостанай облысы Антоновка ауылында жеке тұрғын үй өртеніп, ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өрт 30 ш.м. аумақты шарпыған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан үйден көлемі 27 л екі газ балонын алып шықты.

Сондай-ақ 1978 жылы туған ер адамның денесін тапты. Өрттің себебі анықталып жатыр.