$ 443.37  474.49  4.83

Астанада қатты аяздан 22 адамды үсік шалған

Соңғы бір аптада 2500-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген.

Фото: Astana.tv
Фото: Astana.tv

Елордада қатты аяздан 22 адамды үсік шалған. Қытымыр қыстың қырқасы бет қаратпай тұр. Жолдар жабылып, оқушылар қашықтықтан білім алуда. Ал алдағы күндері ауа райы минус 35 грудусқа дейін төмендейді дейді мамандар. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Елімізде сарышұнақ аяз әлі басылмай тұр. Ауа райының қолайсыздығы тұрғындарға кедергі келтіруде.

Соңғы бір аптада 2500-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 1000-нан астамы көшеде мұзға құлап, жарақат алған. 22 адамды үсік шалған.

 «Барлық ауруханаға жатқызылған адамдардың жағдайы орташа және тұрақты болып саналады,өткен жылғы көрсеткішпен санағанда биылғы жылы яғни 2024жылы, жарақат пунктеріне жүгінген адамдардың саны 10%ға төмендеді», - деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Ақай.

Синоптиктердің айтуынша, аяздық беті әлі қайтпайды. Ақпан аяқталғанша сақталады. Оңтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейіп, боран соғады.

 «Одан бөлек оңтүстік циклонның әсерінен еліміздің бастысында,солтүстік батысында,оңтүстігінде және оңтүстік шығысында қар жауады, боран болады деп күтіледі, таулы аймақтарда қар қарқындылығы қатты болады», - деді «Қазгидромет» РМК синоптигі Бақытжан Қанатұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары