$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда балабақша қызметкері мен ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін (ВИДЕО)

«Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?», - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы. 

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Балабақшада балалардың топ ішіндегі бір бүлдіршінді жабылып ұрған видеосы  әлеуметтік желілерде  тараған болатын. Соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Біздің ұлымызды балалар аяусыз соққыға жыққан. Ұрып-соғу шамамен 5 минутқа созылды. Тәрбиеші жоқ, өз шаруасымен шығып кеткен. Баламыздың миы шайқалған, ауруханаға жаттық. Кішкентай балалардың да осындай қатыгез болғаны ма?», - деп жазады зардап шеккен баланың ата-анасы. 

Қалалық білім басқармасы жағдай «№51 бөбекжай-бақша» балабақшасында болғанын мәлім етті.

Алынған түсіндірме хатқа сәйкес, тәрбиеші бұл уақытта балаларға түскі ас алып келу үшін шығып кеткен. Сол себепті, балалардың тәртібін қадағалай алмаған.

«Балабақша әкімшілігінің бұйрығымен тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Сонымен қатар балабақша меңгерушісіне де тәртіптік жаза қолданылды», - деп хабарлады Алматы қалалық білім басқармасынан.

Алайда бүлдіршінді ұрып-соққан балалардың ата-анасы мен мекеме қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аяусыз соққыға жығылған баланың ата-анасынан полицияға арыз түсті. 

 «3 жастағы баланың ата-анасының арызы бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізді. Балабақша қызметкерлерін, сондай-ақ балалардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары