23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.
Пойызда домбыра шерткен жас өнерпаздар жолаушылардың ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
№11 Алматы 2-Шымкент бағытындағы пойыздың №19 вагонында жолға шыққан дарынды домбырашылар «Turan» күйін орындаған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 ақпанда 7 жас домбырашы мұғалімімен бірге Алматыдан Шымкент қаласына жарысқа жолға шыққан.
Сапар барысында балалар пойызда жарысқа дайындық жұмыстарын жүргізіп, вагон жолаушыларына өнерлерін көрсетіп, оларға керемет көңіл-күй сыйлады.
Видеода №11 пойыздың 19 вагонының жолсеріктері ұсынды.