26.02.2024, 11:40

Түркияда өткен футбол кезінде қазақстандық жанкүйерлер жаппай төбелесті

Фото: видеодағы кадрдан алынды

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. 

Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Іnbusiness.kz-тің жазуынша, спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан.

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі. 

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.