$ 441.66  475.14  4.86

Астана әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

Бірақ Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ.

Фото: Астана халықаралық әуежайы
Фото: Астана халықаралық әуежайы

Астана халықаралық әуежайындағы өрт ауыздықталды, әзірге 18 рейс кешіктіріліп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

27 ақпан сағат 07:50–де Астана халықаралық әуежайының коммутациялық жүйесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келді. 08:24–те өрт толықтай ауыздықталды. Өрт сөндіру кезінде қою түтіннің пайда болуына байланысты әуежай терминалындағы барлық жолаушы қауіпсіз жерге эвакуацияланды, – делінген Астана халықаралық әуежайының хабарламасында.

Бірақ Астана халықаралық әуежайы ұшып келетін рейстерді қабылдауды тоқтатқан жоқ.

Кешіктірілген рейстердің нақты ұшу уақыты белгісіз. Жағдай тұрақталғаннан соң рейстер қалыпқа келтіріледі. Қолайсыздық үшін жолаушыларымыздан кешірім сұраймыз. Жолаушыларға Астана халықаралық әуежайының әкімшілігі су мен сусын ұсынуда. Алдағы уақытта әкімшілік жолаушыларды жеңіл тағаммен қамтамасыз етеді, – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Астана әуежайынан өрт шыққанын хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары