$ 473.15  515.12  5.4

Алматыда автобус өртенді (ВИДЕО)

Алматыда отқа оранған автобустың видеосы желіде тарады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматылық өрт сөндірушілер отқа оранған автобусты сөндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алматы қалалық ТЖД-ның мәліметінше, қаладағы Алатау ауданының құтқарушылары сағат 11:45-те «Қарасу» шағын ауданында өртенген автобусты сөндіруге жіберілді.

Құтқарушылар сағат 11:53-те жетті, автобус салонында жолаушылар болған жоқ. Жалын шарпыған аумақ 10 шаршы метрді құрады, өрт сағат 12.00-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге қалалық ТЖД-ның 10 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары