$ 441.58  480  4.86

Шымкентте монша алдында атыс болды (ВИДЕО)

Екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі келді. Куәгерлердің сөзінше, екеу ара қақтығыс кезінде жас жігіт қарсыласын атып жіберген. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Шымкент қаласы Жібек жолы көшесіндегі "Люкс" моншасының жанында болды. Атыс орнынан оқ-гильзалар табылды.

Болжам бойынша травматикалық тапаншадан атылған. Полиция күдіктіні анықтады.


"Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп хабарлады полиция.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары