$ 494.87  520.65  4.91

Кісі өлімі: Хабарламаға салғырт қараған ТЖД қызметкері сотталды

Соттың үкімімен сотталушыға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 1 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.

Фото: Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі

Ақтөбеде баланың хабарламасына немқұрайлы қараған ТЖД қызметкері сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 271-бабы 1-бөлігі бойынша салғырттық үшін сотталған ТЖД қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе облысы ТЖД жедел кезекшісінің көмекшісі қызмет атқару кезеңінде «112» қызметіне шұғыл көмек көрсетуді сұрап қоңырау шалған кәмелетке толмаған баланың хабарламасына тиісінше және уақтылы ден қоймаған. Осылайша, ол өзінің қызметтік міндеттеріне немқұрайлы қараған.

Сол түні жәбірленуші тұратын тұрғын үйге қылмыскер кіріп, оның анасы мен ағасын өлтіріп, ал өзіне пышақпен жарақат салған. 50 минуттан соң жәбірленушінің көмек сұраған үшінші қоңырауынан кейін ғана оның хабарламасы жедел жәрдемге жіберілген. Сот процесінде сотталушы өзінің кінәсін толық мойындамады және алғашқы қоңырауды балалардың ойыны деп санағанын айтты. Алғашқы қоңырау үзілгендіктен, ол жәбірленушіге қайта қоңырау шала бастаған, бірақ оның телефоны жауап бермеген. Үшінші қоңыраудан кейін ол жәбірленушіден болған жағдайды анықтап, оның хабарламасын жедел медициналық көмекке жіберді, – делінген сот хабарламасында.

Жаза тағайындау кезінде сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының асырауында жас балалардың болуын назарға алды.

Соттың үкімімен сотталушыға 6 айға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 1 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары