Екеуінің 12 жасар ұлы бар.
Украинаның Харьков қаласында психолог бұрынғы әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Соған қарамастан ер адам экс-әйелін аңдып, әлеуметітк желілер арқылы бақылап отырған. Бірде әйелінің телефонына оның әріптесінен келген хабарламаны оқып қойған. Содан әйелін қызғана бастаған. Қызғаныштан бұрынғы әйелін жазалауды ұйғарады. Жаман ойын іске асыру үшін «жағдайыңды білуге келдім» дегенді сылтауратып, әйелдің үйіне барады. Сол кезде оны өлтіреді. Артынша қылмысын жасыру үшін оның денесін бөлшектеп, өртеп жіберген.
Қылмыскер мен жәбірленуші көп жыл отбасылы болған. Екеуінің 12 жасар ұлы бар.