$ 494.87  520.65  4.91

Қыз зорлады деп айыпталған бұрынғы полиция бастығына қатысты сот отырысы басталды

Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Талдықорған полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштабаевтың қыз зорлау ісі бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Құштабаевқа қатысты сот отырысы 28 ақпанда басталғаны белгілі болды. Процесс жабық өтіп жатқаны айтылады. Іс материалдары 12 ақпанда судья Әлібек Әбдіхаевқа жіберілген.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған полициясының басшысы зорлады деген күдікпен ұсталған. Кейін ол екі айға қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі ("Адамның қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған зорлау") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Талдықорғандағы қыз зорлау оқиғасынан кейін орта шенді полиция қызметкерлерін аттестациядан өткізбек екені белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары