01.03.2024, 09:40

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

ТЖМ

29 жолаушы өз бетінше автобустан шыққан.

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, "Алматы-Ташкент" автокөлік жолында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 29 жолаушы өз бетінше автобустан шықты.

"Өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖД 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.