04.03.2024, 17:40

Алматыдағы жер сілкінісінен бірқатар ғимарат зақымдалған (ФОТО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуынан емес.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қуатты зілзаладан кейін кейбір ғимараттарға зақым келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жер сілкінісі салдарынан ғимараттардағы төбе, сылақ, кафель және қасбетті әрлеу сияқты әрлеу материалдарына зақым келген. 

“Бұл зақымданулар тірек конструкцияларының бұзылуынан емес. Әрлеу материалдарының бүліну, бүлінбеуі оның тұрақтылығы, бекіту сапасы мен материалдың өзіне байланысты. Қазіргі таңда аудан әкімдіктері жанынан кешенді тексеру жүргізу үшін уәкілетті органдарды.

Жер сілкінісі салдарынан зақымдану анықталған жағдайда, нысандардың тізімі сараптамалық ұйымдар сейсмикалық тұрақтылыққа тексерулер жүргізу үшін Алматы қаласының урбанистика және қала құрылысы басқармасына жіберіледі.