05.03.2024, 14:40

Ақтауда спортшы қызды зорлап өлтірді деген күдікпен ер адам сотталды

Фото: іnstagram.com/shalnovskiii

Айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған.

Ақтауда 21 жастағы Валерия Шалнованы зорлап өлтірген күдіктіге сот үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты сотталушыны 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім шығарды.

Қайтыс болған қыздың туыстарының айтуынша, айыпталушы өз кінәсін ақыры мойындамаған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 21 жастағы ақтаулық спортшы қыздың денесі былтыр 2 шілдеде табылған болатын. Марқұмның туыстары Валерия Шальнова суицид жасады дегенге сенбеген. Қоғамдық наразылықтан кейін полиция бұл істі «Кісі өлтіру» деп өзгертті.