Әйтпегенде бұл бапта неғұрлым қатаң жаза қарастырылған – 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екені айтылады.
Павлодар тұрғыны мысыққа қатыгездік көрсеткені үшін сотталды. Іс материалдарына сәйкес, ол былтырғы жылдың қараша айында үйсіз мысыққа 70% сірке суын шашып жіберген. Үй жануары әрең аман қалады. Оған тіпті ұзақ мерзімді емдеу қажет болған, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Astana.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл аймақтағы жануарларға қатыгездік көрсету бойынша сотқа дейін жеткен алғашқы оқиға екені айтылады.
Қара (Черная) есімді мысықты бейқам пәтер иелері лақтырып жіберген. Үй жануары баспанасыз қалған кезде оны подъезд тұрғыны Лидия Сосновская өз қамқорлығына алады. Ол мысықты тамақтандырғанын, тіпті пәтерінде түнеуге алып кірген. Үйде тұратындардың бәрі жануардың бақылауда екенін және қауіпті емес екенін білген. Сондықтан көптеген тұрғындар көршісінің әрекетіне таң қалғандарын айтады.
Видеода көршім екінші қабаттан мен тұратын қабатқа қалай түсіп, мысықты шақырып, үстіне сірке суын құйып жібергенін көруге болады. Емханада тіпті тәжірибелі мал дәрігерлері де есеңгіреп қалды. Ешкім оған не болатынына кепілдік бермеді. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Не өледі, не көзі ағып кетуі мүмкін еді. Мен оны оған құйғым келмеді. Мен сірке суын алып, оны қорқыту үшін қабырғаға шашқым келді. Жасаған ісім үшін жұртшылықтан кешірім сұраймын. Өз кінәмді толық мойындаймын, – дейді Павлодар қаласының тұрғыны Лидия Сосновская.
Сот шешімі бойынша бұл әрекеті үшін әйел 92 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Ал мысықтың қазіргі иесіне тағы 18 мың теңге өтемақы өтейді. Сот сотталушының өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Әйтпегенде бұл бапта неғұрлым қатаң жаза қарастырылған – 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екені айтылады.