07.03.2024, 09:40

Алматыда троллейбус жүргізушілері төбелесті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Видеода көшедегі адамдар екі ер адамды ажыратуға тырысып жатқаны көрінеді.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы аялдамада екі троллейбус жүргізушісінің төбелескенін түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Алматыда болған. №1 және №12 троллейбустың жүргізушілері көліктерінен түсіп, бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Видеода көшедегі адамдар екі ер адамды ажыратуға тырысып жатқаны көрінеді.

Оқиғаға қатысты қалалық полиция түсініктеме берді.

"Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Оның материалдары сотқа жолданады. Дегенмен, полицияға бұл оқиға туралы бұрын ешқандай дабыл келмегенін атап өтеміз".Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі